Зейнетақыны қайта есептеу механизмі ҚР үкіметінің арнайы қаулысымен бекітілмек
Зейнетақыны қайта есептеу механизмі ҚР үкіметінің арнайы қаулысымен бекітіледі. Бұл туралы парламент палаталарының бүгінгі бірлескен отырысында 2003-жылға арналған Республикалық бюджеттің көрсеткіштеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесін талқылау барысында үкімет басшысы Иманғали Тасмағамбетов мәлімдеді. |
Бюджеттің нақтыланған жобасы бекітілгеннен кейін арнайы қаулы қабылданатынын хабарлаған үкімет басшысы зейнетақы мөлшерін қайта есептеудің егжей-тегжейін бүгінгі отырыста талқыламауды ұсынды.
Тасмағамбетовтың мәліметі бойынша, зейнетақыны қайта есептеудің нақты келісілген механизмі туралы ұсыныс енгізетін мекемеаралық жұмыс тобы құрылған.
Үкімет зейнетақы мөлшерін арттыру мақсатына арнап қосымша 19,4 млрд. теңге бөлуді ұсынып отыр.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін