Аймақ ауылында 100-ге тарта зейнеткер бар. Барлығы тиісті төлемін алу үшін ай сайын ауыл пошташысының үйіне жиналады. Онда да тізіммен, бір-бірлеп қана кіреді екен. Осылай сапырылысып жүргенде, ақша санап алуға қарттардың шамалары келмейді. Пошташының да көздегені осы дейді тұрғындар.
-Мені тыңдашы құдай үшін.
-Сен маған екі мың теңгеліктенбердің.
— Мен енді санайын десем
— Сен екі мың теңгеліктен алдың да қолыма ұстаттың.
Әй, Ләззәт.
-Менің арым таза.
-Сөз бермейді , міне.
Ауыл молдасы да пошташының арбауына түсіп қалдып деп отыр. Енді 4 мың теңгесінің жетпейтінін айтып, ақшасын даулай келіпті.
Тоқтауыл Әмірғалиев, Аймақ ауылының тұрғыны
-Садақа енді 4 мың теңге. Бәрі 5 мың теңгелік. Ішінде 1 мыңдық жүр. Келіп айттым, неге уақытында келмедіңіз, ауыстырып беретін едім дейді.
Тілші:Алданғандардың бірі –Күләш Төлеубаева. Онсыз да ең төменгі зейнетақы алатын қария ақшасының жырымдалып жатқанына қапалы.
Күләш Төлеубаева, Аймақ ауылының тұрғыны:
-Қандай көмек мен сұраймын кімнен? Прокуратураға бәріне жазып жібердім. 10 мың теңгені қалай жіберем мен. Енді мен көмір қалай алам, көмірім бітті. Постоянно, просто жұрт үндемейді.
Ләззәт Базарбаеваның дайын пошта кеңсесіне көшпей, өз үйінде отырғаны жұртты алдауға қолайлы дейді тұрғындар.
Сенбі Мұқаншәріпов,Амандық ауылдық округінің әкімі:
—Енді ол таратам деп маған айтқан. Поштаны келгеннен кейін осында қарсы аласың деп, енді оны істемей отыр.-Тыңдамай отыр ма сонда? Тыңдамай отырған ғой. Енді сөйлесеміз ол жағын. Өйткені полиция жағы да айналысқан. Өйткені халық шағым жазған.
Әкімдік өткен жазда ауылдағы кеңсені әктеп-сырлап, осы мақсатқа арнайы дайындапты. Тіпті қақаған қыста ішіне от та жағылады екен. Бірақ, дайын ғимараттан өз үйін ыңғайлы көретін пошташының жуық арада орын ауыстыратын түрі жоқ.