Зейнеткерлерді тонаумен айналысқан Павлодар тұрғыны Қостанайда ұсталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зейнеткерлерді тонаумен айналысқан Павлодар тұрғыны Қостанайда ұсталды

Зейнеткерлерді тонаумен айналысқан Павлодар тұрғыны Қостанайда ұсталды

Зейнеткерлерді тонаумен айналысқан Павлодар тұрғыны Қостанайда қолға түсті, деп облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Маусым 2011
  • 390
Фото - Caravan.kz

«Ол өзінің құрбандарын алдын ала аңдып жүріп тонаған. Мысалы, ол зейнеткерді зейнетақы алатын Халық банкінің бөлімшесінің маңында торуылдап жүрген», — деді жұма күні ҚазТАГ тілшісіне ІІД баспасөз қызметінен.

Полицейлердің мәліметтерінше, ұсталғанның есебінде Қостанайда кем дегенде тоналған үш зейнеткер бар.

Атап айтқанда, 16-шы мамырда ол зейнеткерден сөмкесін тартып алған. Онда зейнеткердің куәлігі мен Т37 мың ақшасы болған. Осыған ұқсас оқиға 23-ші мамырда орын алған. «Рассвет» дүкенінің маңында 70 жасар әйел тоналған. Қарақшы оның қолынан сөмкесін тартып алған. Онда Т30 мың мен зейнеткерлік куәлігі болған.

Қостанай ІІД Солтүстік бөлімшесінің бастығы полиция майоры Мейрам Базарбаевтың айтуынша, «тергеу барысында 27 жасар қарақшының Павлодар обылсынан келгені анықталды. Ол Қостанайдың солтүстік ауданында әдейі шалғайдан «тонаушылықпен» айналысу үшін пәтер жалдапты».

Қазіргі уақытта күдікті қамауға алынды. Барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 178-ші бабымен (тонаушылық) қылмыстық іс қозғалды. Енді оның қаладағы басқа да осындай қылмысқа қатыстылығы тексерілуде.

Соңғы жаңалықтар