Зейнетқордан ақша алуға рұқсат беретін заң мәжіліске кері қайтарылды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зейнетқордан ақша алуға рұқсат беретін заң мәжіліске кері қайтарылды

Зейнетқордан ақша алуға рұқсат беретін заң мәжіліске кері қайтарылды

Зейнетақы қорынан ақша алуға рұқсат беретін Заң жобасын сенаторлар Мәжіліске кері қайтарды.

  • 22 Желтоқсан 2020
  • 44
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды көздейтін құжатқа енетін өзгерістерді депутаттарға Экономика министрі Руслан Дәленов таныстырған еді. Онда сондай- ақ, көп балалы отбасынан шыққан түлектерге арналған гранттар санын ұлғайту, кәсіпкерлер төлейтін салықтарды қайта қарау туралы өзгерістер де бар. Сенаторлар Заң жобасына тағы да бес бап енгізіп, оны Мәжіліске жіберді. Есесіне, еліміздің экология, геология және табиғи ресурстар министрі Магзұм Мырзағалиев қорғаған жаңа экологиялық кодекс Сенатта екі бірдей мақұлымдаудан өтіп, Президентке қол қоюға кетті. Құжатта алдағы жылдан бастап алты ірі қалада жинақталатын тұрмыстық қалдықтар өртеліп, одан шыққан жылу аукциондарда сатылатыны жазылған. Қазір еліміздегі 3,5 мың қоқыс полигонында  200 миллион тоннадан астам қатты қалдықтар жатыр. Жыл сайын ол бес миллион тоннаға ұлғайып отырғанымен  тек 15 пайызы ғана қайта өңделеді екен.   

МАҒЗҰМ МЫРЗАҒАЛИЕВ ҚР ЭКОЛОГИЯ, ГЕОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР МИНИСТРІ:
«Яғни инвесторлар келеді өздерінің ақшаларына зауыт салады, кейін пайда болған энергияны арнайы тариф бойынша сатады.  15 жыл бойы. Бұл механизм елімізде  бар. Баламалы энергия көздерімен жұмыс істеп жатырмыз. Тура сондай механизмді  біз де ұсындық. Сондықтан келесі жылы бірінші аукционды өткіземіз  деген үміттеміз. Инвестор тапсақ,  бұл проблема шешіледі»

Сондай ақ, қоршаған ортаға залал келтіргені  үшін төленетін айыппұлдар да бірнеше есеге өсті. Еліміздің 50 кәсіпорны ауаны ластаушылардың  80 пайызын құрайды екен. Олар өз өндіріс орындарына жаңа технологияларды енгізіп, ауаға тарайтын зиянды заттардың көлемін азайтпаса,  төлейтін эмиссиялары  үш жыл сайын ұлғайып отырады. Сенаторлар жылдам несие беретін шағын қаржы ұйымдарының жағдайын да талқылады. Қазір  олардың  1100 ден астамы ресми тіркеліп, қаржы регуляторы қойған талаптар бойынша жұмыс істеп жатыр. Экономика министрлігі қалғандарына екі ай мерзім берді. Осы уақытта  тіркеуден өтпегендері  мәжбүрлеп жабылатын болады.     


Соңғы жаңалықтар