Оның ақпаратына сүйенсек, оқиға орнынан алынған топырақ пен өсімдіктің сараптама нәтижелерін СЭС басшылығы тек бүгін ғана жолдаған. «Зертханалық зерттеулердің қорытындысы бойынша алынған үлгілерде хлорорганикалық заттар жоқ екені, ал нитраттар көлемі нормативтік көрсеткіштерден артылмайтынын анықталды. СЭС қызметкерлерінің пайымдауынша, жемістер мен көкөністер тамақ ретінде пайдалануға қауіпсіз болып табылады», — деп түсіндірді М. Дүкенов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті