Америкалық ғалымдардың айтуына қарағанда, адамдар өздеріне өмірлік жарды ДНҚ бойынша таңдайды екен. Ал адамның ұлты немесе нәсілі, білім деңгейі таңдау жасауға еш әсер етпейтін көрінеді. Бұндай тұжырымға зерттеушілер 825 жұп ерлі-зайыптыларды зерттеу барысында келді. Мамандар ерлі-зайыптылардың геномдарын зерттей келе, олардың ДНҚ-ларының ұқсас екендігін анықтаған, деп жазады Газета.Ru.