Зерттеушілер: Ғаламторға тәуелділік адамның иммундық жүйесін әлсіретеді - kaz.caravan.kz
  • $ 474.83
  • 515.38
+23 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Зерттеушілер: Ғаламторға тәуелділік адамның иммундық жүйесін әлсіретеді

Зерттеушілер: Ғаламторға тәуелділік адамның иммундық жүйесін әлсіретеді

Суонси университетінің және Милан университетінің зерттеушілері 18 бен 101 жас аралығындағы 500 адам арасында сауалнама жүргізді.

  • 12 Тамыз 2015
  • 2933
Фото - Caravan.kz

Қатысушылардың шамамен 40%-ында ғаламторға тәуелділік байқалған. Ғаламторға тәуелділігі жоғары еріктілер суық тиюмен және тұмаумен өзгелерге қарағанда 30% жиірек ауырған, деп жазды The Daily Mail.

Интернетке тәуелді жандар желіге шықпай қалса күйзеліп, салдарынан олардың ағзаларындағы кортизол деңгейі өзгереді екен. Ал кортизол иммунндық жүйеге әсер етеді.


Онымен қоса, ғаламторға тәуелді адамдар таза ауада аз серуендеп, өзге адамдармен аз араласады. Бұл да иммунитетке теріс әсерін тигізеді. Сондай-ақ мұндай адамдар аз ұйықтайды, дұрыс тамақтанбайды, спортпен аз шұғылданады, темекі шегіп, алкогольді көбірек пайдаланады.