Жағдайды бақылауда ұстаймыз - министр журналистерді қудалау оқиғасын тергеу туралы - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жағдайды бақылауда ұстаймыз - министр журналистерді қудалау оқиғасын тергеу туралы

Жағдайды бақылауда ұстаймыз - министр журналистерді қудалау оқиғасын тергеу туралы

ҚР Ақпарат және әлеуметтік даму министрі Дархан Қыдырәліден Қазақстанда журналистерді қудалау оқиғасы туралы сұраққа жауап берді.

  • 31 Қаңтар 2023
  • 5
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

"Қыркүйектің басынан бері мен Ақтөбедегі оқиғадан бастап алты мәлімдеме жасадым. Біз журналистердің құқығын қорғауға, кез келген уақытта оларға қолдау көрсетуге дайынбыз. Сондай-ақ бұл оқиға туралы өзімнің жеке парақшамда хабарладым. Олармен кездестім, жағдайларын білдім. Басқа журналистерге де көмектесуге дайын екенімізді жеткіздік. Осыған байланысты Мемлекет басшысы тиісті тапсырма берді. Осы дерекке байланысты кейбір азаматтар ұсталды. Бұл оқиға жеке бақылауда. Қалай болғанда да, біз журналистер жағындамыз. Біз оларға қолдау көрсетуге, көмектесуге дайынбыз", — деді министр.

Соңғы жаңалықтар