Жарияланды: 310

Zhaikmunai 560 млн долларға еуробондтарын орналастыруда, табысы 7,125-7,25% болады деп болжануда -дереккөз

Zhaikmunai мұнай компаниясы 560 млн долларға еуробондтарын орналастыруда, табысы жылдық 7,125-7,25% дейін азайтылған, деп хабарлады "Интерфакске" қаржылық рыноктағы дереккөз.

Алдында Zhaikmunai 23-қазан күні еурооблигацияларды орналастыру жөнінде road show бастады, деп хабарланған болатын. Ұйымдастырушылар BofA Merrill Lynch, Citi және "ВТБ Капитал". Түсірілетін қаржыны 2015 жылы төлейтіндей бондыларды қайта қаржыландыруға жұмсау көзделген. Zhaikmunai - "Жайықмұнайдың" аналық компаниясы. 2012 жылдың қаңтар-маусым айларында Zhaikmunai таза пайдасы 86,6 млн долларды құрады, табысы- 323,4 млн доллар, EBITDA - 212,8 млн доллар.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін