«Жайықжылуқуат» АҚ-ның бұрынғы басшысы 10 жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.82
  • 554.03
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
30 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Жайықжылуқуат» АҚ-ның бұрынғы басшысы 10 жылға сотталды

«Жайықжылуқуат» АҚ-ның бұрынғы басшысы 10 жылға сотталды

БҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 29 мамыр күні ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, қаржы жымқырды деп айыпталған «Жайықжылуқуат» АҚ-ның бұрынғы бас директоры Ринат Нұрышевқа қатысты үкім шығарды.

  • 30 Мамыр 2014
  • 479
Фото - Caravan.kz


Облыстық соттың баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, Нұрышевпен бірге «Спецкомплектация» ЖШС-ның қосымша құрылтайшысы болып табылатын кәсіпкер Виктор Невгад та қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сот талқысында белгілі болғанындай, «Жайықжылуқуат» АҚ-ның бас директоры кәсіпорын қаржысын ұрлау мақсатында өзінің жақын таныстарынан ұйымдасқан қылмыстық топ құрған. Сол үшін «Спецкомплектация» ЖШС-мен тұрба әкелуге жалған келісімшарттар жасалған, шын мәнінде қаржы қолма-қол ақшаға айналдырылып, ұрланған. Соның салдарынан «Жайықжылуқуатқа» 140 млн. астам теңге көлемінде материалдық шығын келтірілген.

Р.Нұрышев ҚР ҚК 235-бабы 3-бөлімі, 176-бабы 4-бөлімі, 307-бабы 4-бөлімі бойынша айыпты деп танылып, мүлкін тәркілеумен бірге мемлекеттік мекемелерде лауазымды қызмет атқару құқығынан бес жыл мерзімге айырылып, жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуге 10 жылға сотталды.

В.Невгад ҚР ҚК 235-бабы 2-бөлімі, 176-бабы 4-бөлімі «а, б» тармақтары, 28-бабы 4-бөліміне сәйкес мүлкін тәркілеумен және мемлекеттік мекемелерде лауазымды қызмет құқығынан 4 жылға айырумен бірге жалпы режимдегі колонияда жазасын өтейтін болып, оған 4 жыл жаза кесілді. Бұған дейін үйқамақта болған В.Невгад сот залында тұтқындалды.