Жалақы 16,7 пайызға өсіп, жұмыссыздық - 0,9 пайызға төмендеді Павлодар облысы
Павлодар облысында ағымдағы жылдың қаңтар-наурыз айларында жұмысшылардың орташа айлық атаулы жалақысы 66 200 теңгені құрады, |
деп хабарлады статистика департаментінен. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, жалақы 16,7 пайызға өскен.
Ең үлкен жалақыны қаржы қызметкерлері алса (99 200 теңге), ең ең төменгі - ауыл, орман және балық шаруашылығында тіркелген (34 400 теңге).
Халықтың еңбекпен қамтылуына жүргізілген зерттеудің нәтижесі бойынша, бірінші тоқсанда Павлодар облысы бойынша жұмыссыздардың саны 23 400 адамды құраған. Жұмыссыздықтың деңгейі - 5,3 пайыз, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 0,9 пайызға аз.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін