Жалақыға қатысты дау шығарған «Арселор Миттал» билікпен ымыраға келді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жалақыға қатысты дау шығарған «Арселор Миттал» билікпен ымыраға келді

Жалақыға қатысты дау шығарған «Арселор Миттал» билікпен ымыраға келді

«Арселор Миттал» компаниясы жұмысшыларының қаңтар айындағы жалақысын толық көлемде төледі. Жалақының төрттен бір бөлігін бермейміз деп елді дүрліктірген инвестор ақыры билікпен мәмілеге келді.

  • 19 Ақпан 2015
  • 192
Фото - Caravan.kz

30-шы қаңтарда компанияның бас директоры жұмыскерлерге жалақының 75 пайызы ғана төленетіні туралы бұйрық шығарған. Сөйтсе, өнімге деген сұраныстың азаюынан компания қаражаттан тарығып қалған екен. Оның үстіне қосымша құн салығы бойынша мемлекеттен 12 миллиард  теңге алашағын ала алмай жүргендерін де айтқан. Осыған байланысты, тіпті билікпен арадағы дәстүрге айналған меморандумның өзіне қол қоймай, қиғылық салған еді. Дегенмен, кейін келіссөздер жүріп, қарыздың 4 миллиард теңгесі қайтарылатыны белгілі болды. Артынша екі жақты меморандум да жасалып  жалақы қарызы да өтеліп отыр.