Жалақыны өсіру үшін тестен өтпей қалған мұғалімдерге қандай шара қолданылады? - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жалақыны өсіру үшін тестен өтпей қалған мұғалімдерге қандай шара қолданылады?

Жалақыны өсіру үшін тестен өтпей қалған мұғалімдерге қандай шара қолданылады?

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев тест тапсыратын мұғалімдерге қатысты пікір білдірді.

  • 11 Мамыр 2018
  • 67
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Sputnik хабарлайды. 

“Біліктілік сынағынан өтпей қалған мұғалімдерге министрлік қандай шара қолданады? Қазір көбісін осы сұрақ мазалап жүр. Ешқандай шара қолданбаймыз. Жазалау шаралары болмайды. Ережеге сәйкес, егер ұстаздар біліктілік тестін тапсыра алмаса, онда сол санатта қалып, бұрынғы жалақысын ала береді”, — деді Сағадиев.

Министрдің айтуынша, ел аузында тесттен өтпей қалған мұғалімдерді әкімдіктер қорқытып жатыр деген қаңқу әңгіме шыққан.

“Біз барлығынан бұлай істемеуді өтіндік. Мұғалімдерге ұлттық тестке дайындалу үшін уақыт беру керек, олар сынақты қалаған уақытында тапсырғаны дұрыс. Ұстаздарды үрейлендіріп, қорқытуға болмайды. Мамыр айында 60 мыңнан астам мұғалім өз еркімен тест тапсыруға жазылған. Шындығына келсек, біз мұны күтпеп едік. Бұл ұстаздардың сенімділігін, өз пәнін жақсы білетінін, сынақтан қорықпайтынын көрсетеді”,- деді Сағадиев.

Айта кетейік, ұлттық біліктілікті тексеру сынамасы 26 мамырдан басталады.


Оқи отырыңыз:

Мектеп бiтiрушiлер кешiне қатысқысы келмейтiндердi ешкiм қинамайды — министр 

Оралда ер азамат қайын атасы мен енесін атып тастады

Астанада санитарлық талаптар бұзылған 8 мектептің директоры жазаланады
 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар