Жалақысын даулаған құрылысшылар шу шығарды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+29 °C
Алматы
2026 Жыл
8 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жалақысын даулаған  құрылысшылар шу шығарды

Жалақысын даулаған құрылысшылар шу шығарды

Алматы облысында 4 айдан бері жалақы көрмеген құрылысшылар бас көтерді. Пакровка ауылындағы лабороторияны салған 130 адамға фирма шамамен 15 миллион теңге берешек екен.

  • 7 Ақпан 2014
  • 215
Фото - Caravan.kz

Құрылысшылардың айтуынша, фирма өкілдері жұмыс біткен күні ақшаны беруге уәде етіпті. Бірақ сол күйі көк тиын көрмеген. Тіпті еңбекақысын ала-аламаған топ үйлеріне қайтар жол-пұлдың жоқтығынан құрылыс маңындағы вагондарды пана етіп, жалақысының берілуін күтіп жатыр екен. Алайда құрылысқа жауапты Бас инженерінің сөзі басқа. Оның айтуынша, жұмысшылар құрылысты сапаға сай аяқтамапты. Сондықтан қайта өңдеп шығуды міндеттелген. Сондан кейін ғана келісілген соманы қолдарына бермек.


Берік Өтеген, құрылыстың бас инженері: 

— Барлық жұмысты қашан бітіреді сол кезде береміз. Бірақ жұмыс бітпей тұр. Өздеріне талай мәрте айттым. Енді мен жоғарыдағыларға жұмыс бітпей тұрып, не деп ақша сұраймын. Бітірсін, береміз!