Жалған ақпарат таратқандар ұсталып изоляторға жабылды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жалған ақпарат таратқандар ұсталып изоляторға жабылды

Жалған ақпарат таратқандар ұсталып изоляторға жабылды

 «Банктер банкрот болады» деп жалған ақпарат таратушылардың кім екені анықталды. Елді дүрліктіргендердің ішінде банк қызметкері де бар болып шықты. Онымен қоса, жеке компанияның бірнеше өкілі ұсталып кінәларын толық мойындаған.

  • 21 Ақпан 2014
  • 417
Фото - Caravan.kz


Нұрдәулет Сүйіндіков, Бас прокуратураның ресми өкілі:

-Олардың арасында, мысалы алматылық заң компанияларының бірінің қызметкерлері  мен банк заңгері бар. Олардан  жауап алынды.

Күдіктілердің саны тағы артуы мүмкін. Өйткені, іздестіру шарасы әлі жалғасып  жатыр. Айыптары дәлелденсе, «Каспи» «Альянс» пен «Центркредит» банктерінің  шығыны солардың мойнына ілінуі әбден мүмкін. Өйткені Каспи банктің өзінен салымшылар 3 күннің ішінде  40 миллиард теңгесін алып кеткен. Тұрғындар әлі ағылып келіп жатыр. Ал «Смс-терроршыларды» тауып бергендерге 100 млн теңге «береміз» деген мәліметтен соң банкке мыңнан астам адам қоңырау шалған. Бірақ мардымды ештеңе айта алмапты. Банк басшылығы, сыйақы құқық қорғау органдарына берілмейтінін қадап айтты. Осы дүрбелеңнен соң Бас прокуратура жалған СМС-хабарлама таратушыларды қылмыстық жазаға тартпақ. Сөйтіп  қолданыстағы  заңға  шұғыл өзгеріс енгізбекші.