Жарияланды: 90

Жалғызбасты ананы "сотсыз жазалап", шашын алып тастаған

Жалғызбасты ананы "сотсыз жазалап", шашын алып тастаған

Ташкентте тұратын екі баланың анасы, 28 жастағы Шахзода Хусанова "сотсыз жазалаудың" құрбаны болғанын айтады.

Биыл желтоқсан айының басында үш әйел үйіне баса-көктеп кіріп, оны ұрып-соғып, шашын тақыр етіп алып тастаған, деп жазды centralasian.org

"Іс тергеуге жіберілді" деп мәлімдеді Өзбекстанның бас прокуратурасының баспасөз қызметі.

Хусанованың айтуынша, оқиға екі кішкентай баласының көздерінше болған. Оның айтуынша, Telegram каналы арқылы ер адаммен танысқан. Оның әйелі жазысқан хаттарын оқып қойып, жанына екі әйел ертіп алып, Хусанованың үйіне барған. Үшеуі Хусанованы ұрып-соғып, соңында шашын тақыр етіп алып тастаған. Ол есінен танып қалғанда, әйелдер үйіндегі алтын бұйымдарын алып кеткен.

Ташкентік адвокат Умида Давлетова өзбек заңы бойынша, бұл оқиға қылмыс ретінде қаралады дейді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін