Жалшылықта жүрген жігітті анасы құтқарып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 480.72
  • 548.07
+26 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жалшылықта жүрген жігітті анасы құтқарып алды

Жалшылықта жүрген жігітті анасы құтқарып алды

Полиция бөлімшесіне кетіп, құлдықтан бір-ақ шықты! Ақмола облысында жалшылықта жүрген соқталдай жігітті анасы құтқарып алды. 28 жастағы Зеренді ауданының тұрғынын туыстары 2 айдан бері таба алмай жүрген. Сөйтсе, Бислан Исмаиловты осындағы ауқатты отбасылардың бірі жұмысқа жегіп қойыпты. Жігіттің айтуынша, қолын кісендеп, байдың үйіне сүйреп әкелген тәртіп сақшылары «үніңді шығарсаң түрмеде шірисің» деп қорқытқан. Әбден шошынып, қашуға да шамасы келмей қалған азаматты ақыры анасы өзі іздеп тапты.

  • 22 Мамыр 2014
  • 319
Фото - Caravan.kz

2 айдай жанын қоярға жер таппай баласын іздеген Вера Роголева  көрдім деген адамдардың айтуымен Ортағаш ауылына келіп тұр. Мал қораны енді тазалап болып, сырттан анасы келіп қалғанын көрген жігіт өз көзіне өзі сене алар емес. Бисланды 2 ай бұрын полиция үйінен алып кеткен екен. 

Вера Роголева, анасы:

-Наурыздың 25-і күні учаскелік инспекторы тағы бір полицеймен келіп сотқа апарамыз, қоғамдық орында шылым шекті деп алып кетті. Содан қайтып келген жоқ. Инспектор Манат Балшықбаев балаңды қоя бергем, қайтіп көрмедім деді. Содан бері іздемеген жерім жоқ.

Ал Бислан бұл уақытта біреудің босағасында жүрген. Оны ауыл адамдарының бірі сыртынан көріп қалып, шешесіне хабар беріпті. Әйтпесе, құлдықтағы жігіттің қайтып оралуы екіталай еді. 

Қанат Құсайынов, Троицк ауылының тұрғыны:

-Мынаны көргенде мен таңқалдым. 2 ай бойы шешесі іздеп жүр,  іздеуге  беріп жылап жүр. Сосын мен айттым: «Әй сен не бітіріп жүрсің, неге хабарламайсың? Шешеңнің көзі ағып бітті»,  деп.

Сөйтіп, соқталдай жігітті полиция емес, шешесінің өзі іздеп тапты. Ал оны қара жұмысқа жегіп, ойына келгенін істеген азаматтың ақталғаннан басқа амалы қалмады.


Бислан Исмаилов:

-Таңғы 7-ден жұмысқа кірісем. Қожайынның полицияда таныстары бар. Қашып көр, мойныңа іс ілеміз деді. Полицейлер кеше ғана осында моншада болды, мен жақтым. Мені участкелік инспектор осында күштеп әкелген.

Ауылдағы иесіз үйде тұрып, таңның атысынан, күннің батысына дейін жұмыс істеген жігітке жарытып тамақ та бермеген көрінеді.

Оның үстіне қасымда өзім сияқты жалшылар болды дейді құлдықтан босаған жігіт. Ал Зеренді аудандық ішкі істер бөлімінің басшылары бұл жағдайдан бейхабар. Дегенмен қызметтік тексеріс жасаймыз деп қалды. Учаскелік инспектордың өзі болса бізді көріп, көлігін тастай қашты.