Жамбыл облысы Меркі ауданындағы №39 орта мектеп-гимназиясына ғалым Темірбек Қожакеевтің есімі берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысы Меркі ауданындағы №39 орта мектеп-гимназиясына ғалым Темірбек Қожакеевтің есімі берілді

Жамбыл облысы Меркі ауданындағы №39 орта мектеп-гимназиясына ғалым Темірбек Қожакеевтің есімі берілді

Жамбыл облысы Меркі ауданындағы №39 орта мектеп-гимназиясына ғалым Темірбек Қожакеевтің есімін берілді.

  • 5 Наурыз 2015
  • 665
Фото - Caravan.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №56

2015 жылғы 11 ақпан,  Астана, Үкімет Үйі

Жамбыл облысы «Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №39 орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Темірбек Қожакеевтің есімін беру туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы №281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

1. Жамбыл облысы «Меркі ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №39 орта мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне Темірбек Қожакеевтің есімі берілсін. 



2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К. Мәсімов