Жарияланды: 540

Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында апат салдарынан Тараз тұрғыны қаза тауып, Түркия азаматы жарақаттанды

Жамбыл облысындағы Мойынқұм ауданында Алматы-Астана тас жолында болған жол-көлік оқиғасының салдарынан Тараз тұрғыны қаза тауып, Түркия азаматы жарақаттанды, деп хабарлады Жамбыл облыстық ІІД-нен.

Құқық қорғау ведомствосының мәліметтерінше, 23 қазан күні сағат 22:10-да Мойынқұм ауданындағы Алматы-Астана республикалық маңызы бар тас жолының 409-шы шақырымында «Тойота-Королла» көлігін жүргізіп келе жатқан Тараз тұрғыны, 25 жастағы әйел оны басқара алмай, Түркияның 33 жастағы азаматы жүргізіп келе жатқан «Мерседес Бенц-320МL» көлігімен соқтығысты. Жол апатының салдарынан «Тойота-Королла» көлігінің жүргізушісі алған жарақаттардан оқиға орнында көз жұмды, ал «Мерседес Бенц-320МL» көлігін жүргізген азамат Қарағанды облысының Приозерск қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Оқиға орнына ҚР ТЖМ «Апаттар медицинасы орталығы» ММ-нің «Шығанақ» жолдағы медициналық-құтқару бекетіндегі шұғыл әрекет тобы жетті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін