Жамбыл облысы шенеуніктерінің жол салу тәсілі көптің күлкісіне қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 479.26
  • 546.21
+20 °C
Алматы
2026 Жыл
1 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысы шенеуніктерінің жол салу тәсілі көптің күлкісіне қалды

Жамбыл облысы шенеуніктерінің жол салу тәсілі көптің күлкісіне қалды

Жамбыл облысы шенеуніктерінің жол салу тәсілі көптің күлкісіне қалды.

  • 2 Қараша 2018
  • 55
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы 31 арнаға сілтеме жасап, Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Әкімдер бір көшені бөлшектеп, бас — аяғы 400 метрлік жерді төрт жылда салуды жоспарлап отырған сияқты. Мұны мазақ қылу деп түсінген ел сый қылсаң сыпыра қыл деп талап қойды. Әр әкім қарыс қадам төсесе, өзі аядай ауылды толық жолмен жарылқау үшін 17 әкім ауысу керек дейді ауылдағылар.

Жол салудың жобасын ерекше ойлайтын әкімдіктің әрекетіне көпшілік не күйінерін, не күлерін білмейді. Айтуларынша ауылға әкім боп келгендердің жақсылығы жүз метрден аспайды.

Өткен жылы қостөбеліктер ерекше қуанды. Көптен күткен жол құрылысы басталды деп. Бірақ жоспар келте пішіліп, тек ауылға кіреберіс жер жөнделіпті. Енді биылғы әкім әріптесінен сәл асып, көшенің ортасына дейін жеткізуге ниетті. Алайда өзі жарты шақырымға жетер -жетпес жолды жұлым-жұлым етіп жөндеу жұрттың жүйкесін жұқартқан көрінеді.

Тұрғындар бұл қарқынмен ауылға толық тас жол төсеу үшін 17 әкім ауысу керек деп есебін шығарып қойыпты. Ал жауаптылар көрпеміздің жеткен жеріне дейін көсілуден басқа амал жоқ дейді.


АЛМАЗ СЕЙСЕНОВ, Көлқайнар ауылдық округінің әкімі:

– Неге бәрін бірден істемейсіздер деп жатыр. Біз енді ақшамыздың жеткенінше істедік 420 метрге. Арғы жағында 195 метр қалды, енді оған біз ауданнан қаржы сұрап, ары қарай бәрін бітіруге жұмыс жасап жатырмыз.

Жол саламыз деп басы дауға қалған әкім жөндеу жұмыстарын көшенің соңына дейін жеткіземіз деп сендірді. Ал тұрғындар бюджеттен бөлінер қаржыны там-тұмдап бөлу өнбестің ісі деп санайды. Сондықтан жақсылық қылсаң жарым қылма деп тілейді.

Нұрадин Рақай, Дәулетбай Нұрмахан