Жамбыл облысында 11 көлік соқтығысты: желіде видеосы тарады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+6 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында 11 көлік соқтығысты: желіде видеосы тарады

Жамбыл облысында 11 көлік соқтығысты: желіде видеосы тарады

Жол апаты "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" тас жолында болған

  • 31 Тамыз 2021
  • 94
Фото - Caravan.kz

Жамбыл облысында он бір автокөлік соқтығысып, салдарынан бірнеше адам ауруханаға түсті, деп хабарлайды Caravan.kz  порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап. 

Желіде Жамбыл облысындағы тас жолда болған ірі апаттың видеосы тарады. Куәгерлердің айтуынша, зардап шеккендер саны оннан асып кеткен.

Өңірдің полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты 30 тамыз "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" тас жолының 393-ші шақырымында Алматы бағытында болды.


Бір мезетте он бір автокөлік соқтығысқан. Салдарынан бірнеше адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу басталды.

 

Соңғы жаңалықтар