Жамбыл облысында 5 келі героинмен Алматының екі тұрғыны құрықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында 5 келі героинмен Алматының екі тұрғыны құрықталды

Жамбыл облысында 5 келі героинмен Алматының екі тұрғыны құрықталды

Тараз. 10 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысының Шу қаласында 8 қаңтарда 5 келі героинмен Алматының екі тұрғыны қолға түсірілді. Бұл туралы агенттік тілшісіне Жамбыл облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 10 Қаңтар 2008
  • 336
Фото - Caravan.kz

Полиция қызметкерлері хабарлағанындай, қаланың Шу ауданында сағат 23.00, «Ореке» кафесінің маңынан «БМВ» көлігін жүргізген Алматының «Әйгерім» ықшам ауданының тұрғыны ұсталды. Көлікте Оңтүстік астанадағы жоғары техникалық оқу орындарының бірінде оқып жүрген 4 курс студенті болды. Көлік капотының астынан қапқа оралған есірткі табылды.

Есірткі тасымалдаушылар ҚР ІІМ есірткіге қарсы күрес комитеті мен «Дельта-Долина»тобының бірлесе отырып жүргізген екі айлық шұғыл жұмыстарын дайындау арқасында құрықталды.

Облыста жыл басынан бері 15 келі есірткі тәркіленді. Оңтүстікте бір келі героиннің құны $10 мың.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті