Баспасөз қыметінің ақпараты бойынша, 2 желтоқсанда 23.40 сағатта Жамбыл облысы, Қордай ауданының Анархай станциясында №3013(45 вагон) поезінің 9 жүк вагоны шойын жолдан шығып кетті. «Ағаш материалдары бар бір жабық вагон және көлік құрал саймандары тиелген 8 контейнер шықты» , — деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметіндегілер.
Зардап шеккендер жоқ. Төтенше жағдайдың зардаптатын жоюға Шу станциясының 30 адамы және қалпына келтіру поезі жұмылдырылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті