Жамбыл облысында аударылған КамАЗ көлігінде 28 сарбаз болған - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында аударылған КамАЗ көлігінде 28 сарбаз болған

Жамбыл облысында аударылған КамАЗ көлігінде 28 сарбаз болған

Бүгін Тараз-Шымкент тас жолында (Қызыл таң бұрылысы) ішінде әскери қызметшілер болған КамАЗ көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды &

  • 10 Ақпан 2017
  • 931
Фото - Caravan.kz

Бүгін Тараз-Шымкент тас жолында (Қызыл таң бұрылысы) ішінде әскери қызметшілер болған КамАЗ көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Жамбыл облысы әкімдігі Денсаулық сақтау басқармасының дерегі бойынша, оқиға орнынан №1 қалалық ауруханасының қабылдау бөліміне 16 адам жеткізілді. «Оның үшеуі жан сақтау бөліміне жатқызылды, 11 зардап шегушіге травматологиялық пункт деңгейінде медициналық көмек көрсетілді. Екі адам травмотология бөліміне орналастырылды. Барлық зардап шегушілерге арнайы медициналық көмек көрсетілді, соның ішінде жан сақтау бөліміндегі үш науқасқа жедел шаралар жүргізілуде. Науқастардың жағдайы бір қалыпты», — деп мәлім етті облыстық денсаулық сақтау мекемесіндегілер. ҚР Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сүйенсек, көлік жүргізушісі көктайғақ салдарынан рульге ие бола алмай, жолдың жиегіне шығып кетіп, аударылған. «КамАЗ-да 28 әскери қызметші болған. 17 адам дене жарақаттарын алды. Зардап шегушілер Тараз қаласының жақын жерде орналасқан ауруханасына жеткізілді. Олардың жағдайы бірқалыпты. Жол апатына қатысты тергеу жұмыстары жүргізілуде», — делінген Қорғаныс министрлігінің ресми түсініктемесінде.



 

Соңғы жаңалықтар