Жамбыл облысында ауыл әкімі автобус мәселесін шеше алмай жүр - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
27 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында ауыл әкімі автобус мәселесін шеше алмай жүр

Жамбыл облысында ауыл әкімі автобус мәселесін шеше алмай жүр

Жамбыл облысында қоғамдық көліктен қағылған тұрғындар наразылықтарын білдірді. Жаяу жүріп жолдың азабын көрген бұқара, биліктен мәселені шұғыл шешуді сұрап отыр. Алайда бұл талаптың жақын күндері орындалатын түрі жоқ. Себебі шенеуніктер берген уәделеріне өздері сенбейтін сыңайлы.

  • 21 Қаңтар 2015
  • 324
Фото - Caravan.kz

Қаланың дәл іргесіндегі ауыл тұрғындарына шаһарға жету мұң болып тұр. Неше жылдан бері үздіксіз қатынаған қоғамдық көлік кенеттен тоқтап қалған. Ал оның себебін бұқара түсінбейді. Сондықтан атқарушы биліктен автобусты қайтарып беруді талап етуде.

Фазли Биналиев, Талас ауылының тұрғыны:

-Бала-шаға базарда істеп жатқан. Қыркүйектен бері , бір күн келеді, бір күн келмейді, енді екі ай болды мүлдем келмейді.

Елді мекен қаладан 2 шақырым қашықтыта. Осы аралықты бұқара екі айдан бері жаяу бағындырып жүр. Әсіресе, бұл жағдай студенттердің жанына ерекше батуда. Себебі оқуға кешікпеу үшін таксиге отыруға мәжбүр. Оған кететін шығын да аз емес.

Орынкүл Бөрібекова,Талас ауылының тұрғыны:

-Мына халықтардың жиналып тұрғаны сіздерден нан, ақша сұрап тұрған жоқ. Тек автобус жүргізсеңдер болды. Осы жердегі халықтың қамын ойлайтын кім бар, тек қана телеарна, сосын ауылдың әкімі. Әкімге барып, барып шаршап қойдық.

Атқамінер болса мәселенің шешімі табылады деп отыр. Тіпті жағымды жаңалықты тасмалдаушы компания басшысы мен көлік тасымалына жауапты шенеуніктердің өздері жеткізеді деп сүйінші сұрады. Бірақ бұл айтқанына өзі сенбейтін сыңайлы.

Тұрсынбек Есенқұлов, Қостөбе ауылы аймағының әкімі:

— 20 -на дейін шыда деді маған. Міне осы айдың, ертең.

– Ертеңнен бастап жүре ме?

– Жүру керек уәде берген.

— Жүрмей де қалуы мүмкін бе?

— Мен оны айта алмаймын.

Сағаттап күткен су жаңа тасымалдаушы компания басшысы мен қалалық әкімдік өкілі наразы топтың алдына өгіз аяңмен әзер жетті. Бірақ жұртты қуантудың орнына, еңсесін басып тастады. Бірі бет-жүзіне қарамай зекіп сөйлесе,  екіншісі мәлімет беруге, тіпті өзін таныстыруға қиналды.

-Аты-жөнімді айтпаймын. Қызмет, аты-жөніңізді айтыңызшы, басшым бар содан сұраңыздар.

Екі ай жаяу жүріп сенделген бұқараның енді қанша уақыт азап көретіндері беймәлім. Себебі, қоғамдық көлік қатынау үшін әлі күнге тендер өткізілмеген. Ал, уақытша қызмет көрсетемін деген компанияның сиқы мынау.

-Сіздер Байзақ ауданына қарайсыздар, неге Байзақтың әкімінен сұрамайсыздар? Осы жерде жүрген құрт құмырсқаға дейін сол кісі жауап беруі керек.