Жамбыл облысында ауыл тұрғыны 500 келі бомба тауып алды - kaz.caravan.kz
  • $ 472.48
  • 550.06
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында ауыл тұрғыны 500 келі бомба тауып алды

Жамбыл облысында ауыл тұрғыны 500 келі бомба тауып алды

Жамбыл облысы Байзақов ауданының тұрғыны полиция бөліміне хабарласып құмнан күдікті зат тауып алғанын айтқан.

  • 22 Ақпан 2022
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына келіп, авиациялық снарядқа ұқсас зат тапқан. Содан кейін оқиға орнына полиция департаментінің саперлері, ТЖ департаментінің өрт сөндірушілері мен құтқарушылары шақырылған.

"Оқиға орнына келген саперлер снарядты зерттеп, оның 1962 жылы шығарылған "ФАБ 500м-62" авиациялық бомбасы екенін айтты. Оның салмағы — 500 келі, ұзындығы 2,5 метрге жетеді, ол кез келген минутта 200 метрге дейін жарыла алады. Бомбаны одан әрі залалсыздандыру үшін арнайы әскери техникаға тиеп, полигонға алып кетті", — дейді полиция департаменті.

Полицияға қауіпті бомба туралы хабарлаған ер адамды марапаттау туралы ұсыныс жасалды.