Жамбыл облысында автобус пен автокөліктің соқтығысуы салдарынан үш адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 469.52
  • 553.75
+4 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында автобус пен автокөліктің соқтығысуы салдарынан үш адам қаза тапты

Жамбыл облысында автобус пен автокөліктің соқтығысуы салдарынан үш адам қаза тапты

Жамбыл облысында автобус пен автокөліктің соқтығысуы салдарынан үш адам қаза тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 6 Мамыр 2005
  • 426
Фото - Caravan.kz

Министрлік ақпаратына сәйкес, 6-мамырда таңертеңгі сағат 4-те Алматы -Ташкент тас жолының 455-ші шақырымында ішінде 35 жолаушысы бар «ЛАЗ» бағытты автобусы мен «Ауди-100» автокөлігі соқтығысып қалды. Апат салдарынан автокөліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында жан тапсырды. Автобустың жолаушыларына тиісті дәрігерлік көмек-жәрдем көрсетілді. Министрлік ақпаратына сәйкес, олардың арасында ауруханаға жатқызуды талап ететіндер жоқ.