Жамбыл облысында автокөлік 6-шы сынып оқушысын қағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+12 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында автокөлік 6-шы сынып оқушысын қағып кетті

Жамбыл облысында автокөлік 6-шы сынып оқушысын қағып кетті

Тараз. 8 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысының Байзақ ауданында "ВАЗ 2108" автокөлігінің жүргізушісі көлігінің тізгініне ие бола алмай, 6-шы сынып оқушысын қағып кетті, деп хабарлайды агенттік Жамбыл облыстық жол полициясына сілтеме жасап.

  • 8 Қаңтар 2008
  • 526
Фото - Caravan.kz

«Ауыр жарақат алған жасөспірім Сарыкемер ауылындағы орталық аудандық ауруханаға жеткізілді», -деп нақтылайды жол полициясындағылар.

Жалпы алғанда 2007 жылы Жамбыл облысының аумағында 640 жол апаты болып, солардың салдарынан 354 адам қаза тауып, 730-ы жараланған.

Бірақ Жамбыл облыстық жол полициясындағылар «2006 жылмен салыстырғанда апаттар көрсеткіші 13 %-ға, ал қаза тапқандар саны 10 %-ға азайды», деп хабарлайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті