Жамбыл облысында барлық асулар мен көлік жолдары ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 467.58
  • 543.66
+9 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында барлық асулар мен көлік жолдары ашылды

Жамбыл облысында барлық асулар мен көлік жолдары ашылды

Тараз. 4-қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында барлық асулар мен көлік жолдары ашылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасай отырып.

  • 4 Қаңтар 2008
  • 400
Фото - Caravan.kz

«4-қаңтардағы 12.00 жағдаймен Жамбыл облысында барлық асулар мен көлік жолдары ашылды. Қазіргі уақытта облыс жолдары мен асуларын тазалауға байланысты іс-шаралардың барлығы аяқталған»,- деп түсіндіріп өтті Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері.

Естеріңізге сала кетейік, 26-желтоқсанда облыстың жолдары мен асуларында қалың жауған қардың салдарынан 1000-нан астам адам қар құрсауында қалған болатын. Жолда қалған шарасыз адамдарды Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері көршілес елді-мекендерге жеткізіп, Тараз бен Шымкент қалаларына теміржол арқылы жөнелткен болатын.

Сонымен қатар, 2007 жылдың желтоқсан айының аяғы мен 2008 жылдың қаңтар айының басында облыс асуларында төтенше жағдайда төрт нәресте дүниеге келген. Нәрестелі болған аналарға жергілікті акушер-гинекологтар медициналық жәрдем көрсеткен болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті