Жарияланды: 380

Жамбыл облысында белгісіз біреу «Скутер» мотокөлігінің жүргізушісін соғып өлтірді

Шу ауданында белгісіз біреу «Скутер» мотокөлігінің жүргізушісін соғып өлтірді, деп хабарлайды төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

«Бүгін түнде Шу ауданы Шу қаласында белгісіз біреу маркасы белгісіз көлігімен Шу қаласының тұрғыны болып табылатын «Скутер» көлігінің 31 жастағы жүргізушісін қағып кетіп, жол-көлік оқиғасының салдарынан зардап шеккен азамат сол жерде қаза тапты», - делінген облыстық ТЖД баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін