деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметінен.
«Тараз шекара отрядының «Көгершін» шекара заставасының офицерлері шекаралық сызықтыққа жақын «Арғын Қамал» аталған маңнан Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің есірткімен күрес басқармасының қызметкерлерімен бірлесе отырып шыжыған күннің астында шөп шабуға «бел шеше» кірісіп кеткен азаматтың «жұмысын» тоқтатты. 1 тонна 170 кг шөп жабайы қарасора болып шықты», делінген хабарламада.
Аталған фактіге қатысты материалдар ішкі істер органдарына берілді.