Жамбыл облысында бүтін бір ауылдың малы ұрланды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.04
  • 538.54
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында бүтін бір ауылдың малы ұрланды

Жамбыл облысында бүтін бір ауылдың малы ұрланды

Жамбыл облысында ұрылар малға қырғидай тиіп жатыр. Әсіресе Саудакент ауылында 200 бас  мал жоғалып, әлі бірде-біреуі табылмаған. Сары уайымға салынған тұрғындар, тәртіп сақшыларының дәрменсіздігіне ыза болып отыр. Ал, полицейлер болса, төрт түлігіне жауапсыз қараған деп, тұрғындардың өздерін кінәлауда.

  • 21 Ақпан 2014
  • 233
Фото - Caravan.kz

-Сержанов Бексұлу 15 жылқы, Бексұлудан тағы да 11 жылқы+25, Дүтпаевтікі 18 бас сиыр, 11 бас жылқы.

Айта берсе осы тізім жалғаса береді, ел жоғалған малдың есебінен де  жаңылыса бастаған. Ауылда қорасына ұры түспеген тұрғын жоқ десе де болады. Әккі қарақшылар жымын білдірмей, соңғы тұяққа дейін үптеп кетеді екен. Мәселен, Кенжетей Сержановтың қорасына бес мәрте ұры түсіп, 45 жылқысын қолды қылған.

Кенжетай Сержанов, Саудакент ауылының тұрғыны:

-Біздің ауылдың құқық қорғау қызметкерлерінің кәсіби шеберліктері төмен деп бағалаймын. Өйткені мүмкін емес қой, біреуі ашылу керек қой, өмірі ашылмайды. Енді жаман ойлар келеді, осыладың өзі, ішінде бар ма деген ой келеді.

-Бір ғана Саудакент ауылының өзінде бес жыл ішінде, ірілі-ұсақты 200 бастан аса мал жоғалыпты. Басым бөлігі өрісте емес, қорадан қолды болған. Төрт түлікті жетектеп әкеткендерді, желкелеп әкелуге полицейлер дәрменсіз дейді жұрт. Тіпті қарақшының атын атап, түсін түстеп берсе де,  қызыл жағалылар қозғалмады деп қынжылады олар.  


Қамбар Әлібеков, Сарысу ауданының тұрғыны:

-Жылқыны қай жерге апарып өткізгені, кімдердің сатып алғаны бәрі бізге белгілі. Ол жерде куәгерле де, сатып алған адамдар да, бәрі, қасапшылар, апарған шопырларға дейін белгілі. Одан артық не керек полицейлерге. Өзіміз ұстап әкеп беруіміз керек пе?

Ал, погон таққан мырзалардың әдеттегідей айтар уәжі дайын. Қылмыс ашылады, ашып та "жатырмыз" деп ақталған олар кінәні жоқ іздегендердің өздеріне артуда.

Берік Нұркенов, Сарысу аудандық ІІБ бастығы:

-Мал ұрлығы көп, себебі малды, ірі қараны бақпайды ешкім. Апталап қарамайды. Малды біздің ағайындар бос жібереді. Майда малды бағамыз, ірі малды бос жібере саламыз.

Ауданның бас полицейі мал жоғалу дерегінің көбейгенін өзі де мойындап отыр. Соңғы бес жылда 110 ұрлық тіркеліп, оның тең жарымы ғана ашылыпты. Ал, өзге қылмыстардың том-том құжаттары қатталған күйде, әлі шаң басып сөрелерде жатыр.