Жамбыл облысында екі ауылға жаңа статус берілді - kaz.caravan.kz
  • $ 448.81
  • 476.82
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
16 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында екі ауылға жаңа статус берілді

Жамбыл облысында екі ауылға жаңа статус берілді

Жамбыл облысында екі ауылға жаңа статус берілді. Меркі ауданындағы Ақермен және Аспара ауылдары – салауатты ауыл болып танылды. Жоба Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының «Салауатты халық жобасы» аясында басталған. Оны іске асыру үшін жаздай қос ауылдың тұрғындарымен бірге ауықымды дайындықтар жүргізілді

  • 5 Қараша 2021
  • 23
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

«Салауатты ауыл» статусын табыстауға шетелдік «Primary Health Care» Ұлттық Қауымдастығының Президенті, Shimane University (Япония) профессоры, Manav Bharty University (Индия) профессоры, NLP- Erickson College (Vancouver, Canada) профессоры, сонымен қатар Халықаралық ынтымақтастық Германия қоғамынан (GIZ) Валери Брох Альварез, Саманта Лоу келді.

«Бұл жобада  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсарту арқылы денсаулығын түзету» қағидалары қамтылды. Іс-шараға Меркі ауданының түрлі мекемелерінің өкілдері мен тұрғындары қатысты. Жобаны жүзеге  асыру үшін жауапты жұмыс тобы құрылды. Бұл жобаның негізгі мақсаты халықтың  денсаулығын жақсарту, өмір сүру жасын ұзарту болып саналды. «Салауатты халық жобасы» алғаш  рет Меркі ауданында қолға алынды. Аудандық аурухананың травматолог-дәрігерлері Селимов, реаниматолог-дәрігер Ордабаев жобаға қатысушыларға  тренинг өткізді. Осы өткізілген іс шарадағы алған білімдері мен дағдыларын халық арасында насихаттайды және тәжірибені қажет жағдайда қолданады деген үміттеміз», — деді Меркі аудандық ауруханасының бас дәрігері Жанар Оспанова.

Елді мекенге «Салауатты ауыл» мәртебесін беруге келген қонақтарды ауылдықтар қазақи дәстүрмен қарсы алып, «Қара жорға» биін билеп шықты.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Х. Мұрзақасымов ауыл халқын жаңа атауымен құттықтап, алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі. Ал профессор Т. Рақыпбеков ауырмаудың алдын-алу, ұзақ жасау, денсаулықты күту, тиімді тамақтану туралы баяндама жасап, тұрғындардың көкейіндегі сауалдарына жауап берді.

Басқарма басшысының орынбасары науқастарға көрсетілетін тегін медициналық көмек түрлері мен оларды алу жолдарын да түсіндірді. Өйткені, ауыл адамдарының көбі тегін медициналық көмектің түрлерін толық біле бермейді. Республикада алғаш рет енгізіліп отырған «Салауатты Халық» пилоттық жобасын жүзеге асыру үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ЮНИСЕФ, ҚР Бастапқы медициналық көмек көрсету «Primary Health Care» Ұлттық Ассоциациясы, Жамбыл облыстық Қоғамдық денсаулық басқармасы ат салысты.


«Жобаны жүзеге асыру үшін халақаралық талаптар бар. Аудандық аурухананың бір ғимаратын талапқа сай қайта жаңалап, дайындадық. Жұмыстың іске асырлуын сырт мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың өкілдері де бақылайды. Шараға Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің өкілі Раиса Асылбашева, Шу облысының денсаулық сақтау саласының үйлестірушісі Бақтыгүл Мамытова, Шу облысының губернаторының орынбасары Светлана Волкова, Шу облысының Жайыл аудандық орталық ауруханасының директоры Айнұр Имашева, Шу аудандық ауруханасының директоры Нұрбек Абдрахманов және «Қырғызстанда алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ілгерілету» жобасының өкілдері Шынар Қазақбаева бастаған қонақтар қатысты. Елдегі алғашқы жоба барысында осылай Ақермен мен Аспара «Салауатты ауыл» деп танылды», — деді бас дәрігер.

Соңғы жаңалықтар