Бұл туралы Сaravan.kz медиа-порталы Tengrinews.kz—ке сілтеме жасап хабарлайды.
Полицейлердің мәліметінше, күдіктінің автокөлігін тексеру барысында пакетке салынған 4 келі 630 грамм гашиш есірткі заты табылды.
"Тінту кезінде оның тұрғылықты мекенжайынан 12-калибрлі қару және оның 4 оғы, сондай-ақ қоймасынан 30 келі 380 грамм салмақта кептірілген марихуана есірткі заты анықталды. Күдікті кінәсін толық мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 297-бабы 1-бөлімімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", — делінген хабарламада.
