Бірақ шекарашылардан айласын асыра алған жоқ. Пакетке мұқият оралған героинді қырғыз көлігінің арты орындығының астына жасырған екен. Есірткіні иісшіл ит бірден тапты. 31 келі героинді шекара асыра алмай опық жеген азамат Қордай аудандық ішкі істер бөлімшесінде жауап беріп жатыр. Қазақ-қырғыз шекарасында осы айда болған бұл бірінші жағдай емес. Өткен аптада ғана шекарашылар 16 келідей героиннің жолын кескен болатын.