Жамбыл облысында интернат таласқа түсіп жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+27 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында интернат таласқа түсіп жатыр

Жамбыл облысында интернат таласқа түсіп жатыр

Тегін деп бергенінен басқа біреулер теңге жасап жүр! Жамбыл облысында ауыл балалары жатып оқитын интернат таласқа түсіп жатыр. Кезінде ғимаратты жергілікті кәсіпкерлердің бірі Білім бөліміне тегін беріпті. Сол интернаттың 10 жылдан кейін мемлекет емес, басқа біреудің атында екені анықталып отыр. Қазіргі иесі оны жалға беріп, пайда тауып жүр екен. Тіпті ғимаратқа мемлекет есебінен күрделі жөндеу де жасалған. Тегін берілген нысанның неге бұлай майшелпекке айналғанын қазір қаржы полициясы тексеруде.  

  • 5 Сәуiр 2014
  • 293
Фото - Caravan.kz

Екі қабатты бұл нысанда Қорағаты ауылының маңындағы шағын елді мекеннің балалары жатып оқиды. 2003-ші жылға дейін Бейсен Керімбаев есімді жергілікті кәсіпкердің меншігінде болған. Иесі сол жылы білім бөліміне сыйға тартыпты. Онысын растайтын құжаттары да бар. Сөйтсе тегін берген ғимараты қазір мемлекеттің емес, басқа біреудің атында екен. Енді кәсіпкер ауылдастарын ертіп, бұған қарсылығын білдіріп жүр.

Бейсен Керімбаев, кәсіпкер:

-Мұны алып отырған «МолВол» фирмасының бастығы Дайрабаев Жигули. Оның баласы облыстың Әділет басқармасы бастығының орынбасары болып істейді. Сондықтан документтің бәрі ЦОН мен емес Юстицямен өтіп жатыр.

-Әдетте ұлтарақтай жердің өзін рәсімдеу үшін, қапттаған құжаттар сұралады. Бұл жолы сол талаптар ескерілмеген бе? Өйткені әлде біреу, еш құжатсыз нысанды өз атына меншіктеп алып, оның пайдасын көруде.  Ғимараттың жаңа қожайыны нысанды аудандық білім бөліміне беріп, айына 267 мың теңге алып отыр.

10 жыл бойы интернатты еншілеуге ерінгендер, енді нысанды жалға алуға мәжбүр. Сорақысы, еш тіркеуде жоқ ғимаратқа 7 млн. теңге аударылып, оған жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ал, қаржы кімнің есеп шотына түскені де беймәлім.    


Ләззат Өтеулиева, Т.Рысқұлов аудандық білім бөлімінің басшысы:

-Құжаты дұрыс емес жерге қалай қаржы бөлініп күрделі жөндеу жүргізілді? Мен ол туралы ештеңе айта алмаймын. Себебі ол кезде мен ол жерде жұмыс жасаған жоқпын. Бұл жұмыс шалағайлықпен қалдырылып кеткендіктен құжаттар рәсімделмей қалып кеткен.

Ал интернаттың қазіргі иесі құжаттарым заңды деп бет бақырар емес. Шу шығарған Бейсен Керімбаевтың өзін алаяқ деп салды. Ал, ғимаратты қарыздың есебінен сот арқылы алған көрінеді.  

Қайнархан Досқараев, ғимараттың қазіргі иесі:

-Қатарынан әр түрлі жағдайларды айтып, бізге есептесе алмады. Сондықтан біз сотқа жүгінуге мәжбүр болдық. Сот біздің ісімізді қарады, біз жаққа шешіп берді. Сол арқылы біз, олардың беретін ақшасы жоқ, алатын жаңағы ғиамарт, техниакасы сондай заттарын алып, бірақ көбісі жарамсыз.

Дүйсен мен Бейсен арасында жаңылтпаш болып кеткен істің ақ-қарасын қазір қаржы полициясы анықтап жатыр.Білім бөлімі неге тегін берілген ғимаратты баланстарына алмаған, өзгенің меншігі болса неге мемлекеттің ақшасына жөндеу жүргізілген? Сұрақ көп. Сондықтан тергеу барысында талай былықтың беті ашылуы ғажап емес.