Жамбыл облысында "КамАЗ" бен жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан өрт шығып, 4 адам қаза тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 461.26
  • 542.58
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
11 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында  "КамАЗ" бен жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан өрт шығып, 4 адам қаза тапты

Жамбыл облысында "КамАЗ" бен жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан өрт шығып, 4 адам қаза тапты

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 20 тамыз. АСТАНА. Жамбыл облысында "КамАЗ" бен жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан өрт шығып, 4 адам қаза тапты. Бұл туралы "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН" тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Тамыз 2007
  • 549
Фото - Caravan.kz



Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Жамбыл облысының Мерке ауданында Алматы-Ташкент тас жолының 372-ші шақырымында 02 сағат 59 минутта «КамАЗ» автокөлігінің жүргізушісі «Тойота» маркалы жеңіл көлікпен соғысты. «Жолдағы апат салдарынан көліктер өртенді. Екі көлік те өрт салдарынан толық жанып кеткен, олардан 4 адамның мәйіттері табылды, олардың аты-жөндері анықталған жоқ», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Мекеме ақпаратына сәйкес, өртті сөндіруге ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 4 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды.

Сонымен бірге сол күні Алматы-Ташкент тас жолының 526-шы шақырымында 51 жастағы «Фольксваген» жүргізушісі «Мерседес» көлігімен соғысты. «Жол апаты салдарынан «Мерседес» жүргізушісі мен оның екі жолаушысы, сондай-ақ, «Фольксваген» жүргізушісі мен оның жолаушысы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды», — деп хабарлайды баспасөз қызметі.