Жамбыл облысында өрт сөндірушілер 3 күннен бері қызыл жалынды ауыздықтай алмай жатыр - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+28 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында өрт сөндірушілер   3 күннен бері қызыл жалынды ауыздықтай алмай жатыр

Жамбыл облысында өрт сөндірушілер 3 күннен бері қызыл жалынды ауыздықтай алмай жатыр

Жамбыл облысында мамандар 3 күннен бері өртті сөндіре алмай әуреге түсіп жатыр. Меркі ауданының таулы аймағындағы 200 гектар жайылым жанып кеткен. Өрт Қырғызстан жақта тұтаныпты.

  • 15 Тамыз 2014
  • 196
Фото - Caravan.kz


Өршіген өртті өшіруге төтенше жағдайлар қызметінің шамасы келмей жатыр. Сондықтан оған әскерилер мен полицейлер және орманшылар мен шенеуніктер де жұмылдырылған. Алайда мыңға жуық адам мен жүзден аса техника, сондай-ақ екі тікұшақ тартылғанымен, олар тілсіз жауды ауыздықтай алатын емес. Шарпыған жалын минут сайын күш алып барады. Осы өрттің арасынан бір адамның өлі денесі табылды. Марқұмның Тұрар Рысқұлов ауданы әкімдігінің қызметкері екені анықталды. Мұндай қайғылы жағдай осыдан екі апта бұрын да болған еді. Осы Меркінің тауындағы жалынмен арпалысып жүріп, екі орманшы қаза тапты.