Жамбыл облысында отарба мен автобустың соқтығысуы салдарынан жолаушылар зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 469.52
  • 553.75
+6 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында отарба мен автобустың соқтығысуы салдарынан жолаушылар зардап шекті

Жамбыл облысында отарба мен автобустың соқтығысуы салдарынан жолаушылар зардап шекті

Бүгін, 3-мамырда Жамбыл облысындағы Шайқұрық-Аса темір жол өткелегінде "Алматы -Жаңатас" бағытында қатынайтын жүк таситын отарба мен Алматыдан Сарыағашқа жол тартқан Мерседес маркалы жолаушылар автобусы соғысып қалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 3 Мамыр 2005
  • 350
Фото - Caravan.kz

Апат салдарынан автобуста отырған жеті жолаушы зардап шегіп, олар Тараздағы жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Қаза тапқан ешкім жоқ.

Отарбалардың қозғалысы бір сағатқа үзілді. Ал қазір қозғалыс бұрынғы режимде қайтадан жанданды.