Жамбыл облысында өткен жаттығуларда Қазақстанның әскери техникасының үлгілері көрсетілді - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
26 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында өткен жаттығуларда Қазақстанның әскери техникасының үлгілері көрсетілді

Жамбыл облысында өткен жаттығуларда Қазақстанның әскери техникасының үлгілері көрсетілді

Алматы. 16 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысының Қордай ауданының Гвардейский ауылындағы құрлық әскерінің оқу орталығында 11 шілде күні Қазақстан мен Ресейдің "Өзара ықпалдастық - 2008" бірлескен жаттығуларының барысында Қазақстанның әскери техникасының үлгілері көрсетілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

  • 16 Шiлде 2008
  • 499
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жаттығулар барысын Қазақстан мен Ресейдің қорғаныс министрлері Даниал Ахметов пен Анатолий Сердюков бақылаған. Сондай-ақ, бақылаушы ретінде Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан мен Өзбекстан елдерінің қорғаныс министрлері шақырылған. Жаттығуларға Қазақстан армиясының атынан аэроұтқыр әскерлердің десантшылары мен «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылық бөлімінің әскери қызметкерлері қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті