Жамбыл облысында православиелік шіркеу ашылды - kaz.caravan.kz
  • $ 470.17
  • 547.47
+25 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында православиелік шіркеу ашылды

Жамбыл облысында православиелік шіркеу ашылды

Тараз. 25-желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысының Шу ауданында жаңа православиелік шіркеу ашылды. Оған Қордай және Шу аудандары әкімдерінің орынбасарлары, орыс мәдениет орталығының өкілдері, сондай-ақ, Астана мен Шымкент қалаларынан православиелік дінбасылары қатысты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

  • 25 Желтоқсан 2007
  • 537
Фото - Caravan.kz

Владимир Лыткин шіркеуді тұрғызуға арналған қайырымдылық қаражатын жинаған. Ол шіркеу құрылысы 1991 жылы басталғанын жеткізді.

«Қаражат жинауға орыс диаспорасының белсенділері бел шеше кіріскен. Қайырымдылық шаралары өткізілген. Оның барысында облыс кәсіпкерлері белгілі бір мөлшердегі ақша аударған. Ерікті ақша аударымдарын жинау акциясы шіркеу құрылысын аяқтау үшін ақша жинауға мүмкіндік берді», — деді В. Лыткин.

Шіркеу қызметкерлерінің ақпаратына сүйенсек, «Мәскеу әкімшілігі де көмек қолын созған. Мәскеуден алтын жалатылған жеті қоңырау, сондай-ақ, құрал-жабдықтар мен шіркеу аумағын безендіру заттары тиелген вагон келіп жеткен».

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті