Жарияланды: 620

Жамбыл облысында прокуратура табиғат қорғау заңнамасын бұзу оқиғаларын анықтады

Алматы. 17 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облыстық прокуратурасы табиғат қорғау заңнамасын бұзу оқиғаларын анықтады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыстық прокуратура табиғат қорғау шарасына бөлінген бюджет қаржысының заңды жұмсалуына және табиғи ресурстар басқармасының табиғи ресурстарды пайдалану құқығын берудегі заңдылықтың сақталуына тексеру жүргізді. "Тексеру барысында бюджет қаржысын жұмсауда, табиғатты пайдалану құқығын беру мәселесін шешуде, осы процессті ұйымдастыру барысында, келісім-шарттарын жасауда басқарманың лауазымды қызметкерлері тарапынан жіберілген заң бұзушылыққа жол беру оқиғалары анықталды". Атап айтсақ, Жусандала мемлекеттік қорық аймағында жер қойнауын пайдалануға заңсыз құқық беру деректері анықталды. Ал оған Экологиялық кодекспен тікелей тыйым салынған. Сондай-ақ, кеніштерді қаржылық дәрменсіздігіне байланысты квалификациялық талаптарға сай келмейтін тұлғаларға жер қойнауын пайдалануға құқық беруге байланысты бірнеше оқиға әшкереленген. Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "тексеру барысында анықталған аталған және басқа да заң бұзушылықтары үшін табиғи ресурстар басқармасының бастығы М. Бәйгелдиев тәртіптік жауапкершілікке тартылды". Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін