Жамбыл облысында тұралаған өндіріс орындарының жұмысы қайта жанданбақ - kaz.caravan.kz
  • $ 464.71
  • 531.26
+22 °C
Алматы
2026 Жыл
12 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында тұралаған өндіріс орындарының жұмысы қайта жанданбақ

Жамбыл облысында тұралаған өндіріс орындарының жұмысы қайта жанданбақ

Жамбыл облысында тірлігі тұралаған өндіріс орындарының жұмысы қайта жанданбақ. Зауыттарға жаңа инвесторлар тартылып, келер жылы іске қосылады деп жоспарлануда. Жергілікті билік өкілдері бүгін осылай деп мәлемдеді. Естеріңізде болса аймаққа жұмыс сапарымен келген Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бағдарлама бойынша қолға алынған жобалардың тоқырап тұрғанын естіп, өңірдегі атқамінерлерге ескерту жасаған еді. Сыннан сабақ алған ақжағалылар шұғыл іске кірісіпті.

  • 30 Қараша 2013
  • 266
Фото - Caravan.kz

Жамбыл облысында жалпы саны 38 үдемелі индустриалды-инновациялық жобалар жүзеге асуы тиіс. Қазірде оның 29-ы іске қосылса, 27-сі жүз пайыз жұмыс істеп тұр. Ал, екі зауыт ашылмай жатып, жабылып қалған. Елбасының сынынан кейін атқа қонған жергілікті билік, шұғыл іске кірісіпті. Олардың мәліметінше, Жаңатастағы өндіріс орны дауылдан кейін жабылып қалған. Ал, Мойынқұмдағы цемент зауытының тұралауына, қаржы тапшылығы себеп болыпты. Дегенмен, қос кәсіпорында келер жылы іске қосылмақ.

Бейсен Жолболдиев, Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасының бастығы:


— Нақты инвестор айқындалды. Яғни олар өздеріне тиісті жұмыстар жасап жатыр. Келесі 2014 жылы іске қосылады деп Елбасы келген кезде уәде берген болатын.

Айта кетерлігі, аймақта жүзеге асып жатқан 27 инновациялық жобаның жетеуі индустрияландыру картасынан шығарылмақ. Картаға енген кәсіпорындар жылдық қуатынан асып түскенше, билік қолдау білдіріп келген. Енді міне аяғына нық тұрған зауыттар, өз күндерін-өзі көрмек. Соның бірі, мұнай өңдеу зауыты. Өндіріс жылына 100 мың тонна өнім шығарса, биылғы көрсеткіш екі есеге артыпты.