Жамбыл облысында түзету мекемесінің қызметкері сотталған адамнан ақша бопсалаған - kaz.caravan.kz
  • $ 463.41
  • 546.27
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
7 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында түзету мекемесінің қызметкері сотталған адамнан ақша бопсалаған

Жамбыл облысында түзету мекемесінің қызметкері сотталған адамнан ақша бопсалаған

АСТАНА. 4-сәуір. Kazakhstan Today. Жамбыл облысында УЖД-158/2 түзету мекемесінің оперативтік бөлімінің бастығы сотталған адамнан пара бопсалағаны үшін ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігіне ҚР ҰҚК-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 4 Сәуiр 2007
  • 467
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, әділет капитаны сотталған адамды түзету мекемесінің аумағында төбелеске қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартатынын айтып қорқытып, одан 800 доллар көлемінде пара бопсалаған. «Жамбыл облыстық ҰҚКД қызметкерлері оны бопсалаған ақшаның 60 мың теңге көлеміндегі бір бөлігін алып жатқан сәтте қолға түсірді»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Түзету мекемесінің қызметкерінің үстінен ҰҚКД тергеу бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 311-бабының 4-тармағына (бопсалу арқылы пара алу) сәйкес қылмыстық іс қозғады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті