Жамбыл облысында жарты миллиард жымқырған офицерлерге қатысты сот Астанада өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.77
  • 547.25
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Жамбыл облысында жарты миллиард  жымқырған офицерлерге қатысты сот Астанада өтеді

Жамбыл облысында жарты миллиард жымқырған офицерлерге қатысты сот Астанада өтеді

Қорғаныс министрлігінде кезекті жемқорлық дауы! Бұл жолы  шенді генералдар емес, Жамбыл облысындағы 42/062 әскери бөлімінің офицерлері жарты миллиард теңгені жымқырды деп  айыпталып жатыр. Қарамағындағыларының былығын әшкерелеген министрлік сотта жәбірленуші ретінде танылып, миллиондарды қазынаға қайтармақ ойда.

  • 25 Шiлде 2015
  • 466
Фото - Caravan.kz

66 томды құраған ауқымды іс бойынша 8 адам қамауға алынды.

Әскерилердің екеуі әйел. Тергеу материалдарына сүйенсек, сыбайластар капитан Пұсырмановтың жетекшілігімен 6 жыл бойы жеген бюджет ақшасын сарбаздардың банкомат карточкасына аударып, кейін өздері қолма-қол шешіп алып отырған. Сөйтіп бірнеше жыл бойы қалтаға кеткен соманың көлемі 500 миллионға жетіпті.Бұдан бөлек, 54 миллион теңгені де зейнетақы қорына заңсыз аударыпты.

Жеңіс Темеков, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:

-10 шілдеде қылмыстық іс мамандандырылған ауданаралық әскери сотқа жолданды. Сот талқылауының қорытындысы бойынша аталған тұлғалардың жасаған қылмысына сараланып, жазаланатын болады.