Жарияланды: 30

Жамбыл облысында жоғалып кеткен жеті жасар бала қамыс арасынан табылды

Жамбыл облысында жоғалып кеткен жеті жасар бала қамыс арасынан табылды

Жамбыл облысының полициясы 15 қыркүйекте жоғалып кеткен жеті жасар баланың аман-есен табылғанын хабарлады.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбыл облысында 15 қыркүйекте жоғалып кеткен жеті жасар баланы іздеу жұмыстары аяқталды. Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бала аман-сау табылды, оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Бір күн бұрын жоғалып кеткен баланы ерікті ретінде іздеу жұмыстарына қосылған тұрғындар мен полиция қызметкерлері тапты.

"Бала Көкжелек ауылынан, қамыс арасынан табылды. Бала сол жерде түнеген. Бұл – полиция мен жағдайға немқұрайлы қарамаған азаматтардың ауқымды жұмысының нәтижесі. Жамбыл облысы полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов кәмелетке толмаған баланы іздеуге қатысқандардың барлығына алғысын білдірді", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы Күшаман ауылында тұратын жеті жасар баланың жоғалып кеткені хабарланды.

Баланы іздеуге 400-ге жуық адам жұмылдырылды. Іздеу жұмыстарына полиция, әкімдік, төтенше жағдайлар департаменті қызметкерлері мен еріктілер, төтенше жағдайлар департаментінің тікұшағы және жергілікті орман шаруашылығының АН-2 ұшағы қатысты.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін