Жамбыл облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты
Жамбыл облысында жол апатынан 5 адам қаза тапты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады. Апат 11-қазан, сенбі күші кешкісін Мойынқұм -Бірлік автожолының 54-шақырымында болған. "ГАЗ-3102" автокөлігінің жүргізушісі көлігінің тізгініне ие бола алмай, "Икарус" автобусымен соқтығысып қалған. Жол апатынан "Волганың " жүргізушісі мен оның төрт жолаушысы оқиға орнында мерт болды. |
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін