Жарияланды: 300

Жамбыл облысында жолаушылар тасымалдайтын автобус отқа оранды

Жамбыл облысында жолаушылар тасымалдайтын автобус өртке оранды. Шымкенттен Алматыға бет алған қоғамдық көлік ішінде 45 адам болыпты.

Қызыл жалыннан автобустың түгі қалмаған. Төтенше жағдайлар қызметі өртенген көлікті екі сағат сөндіріп әуреге түсіпті. Абырой болғанда зардап шеккен жан жоқ. Мамандар өрт электр сымдарының тұйықталуынан болған деп отыр. Автобус 1985 жылы шығарылыпты. Содан бері үзбей қолданыста болған.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін