«Қаржы полициясы департаменті «Қарасу» шекара бақылау бөлімінің бастығы С. азаматының үстінен пара алу күдігімен қылмыстық іс қозғады. Жедел-іздестіру шараларын өткізу кезінде қаржы полциясының қызметкерлері ҚР ҰҚК ЖҚБ қызметкерлерімен бірігіп «Қарасу» ШББ бастығының басқа адамнан тез бүлінетін тауарларды мемлекеттік шекарадан бөгетсіз, «Қарасу» ШББ арқылы шекаралық тексерусіз өткізгені үшін 236 мың теңге көлемінде пара алу фактісін анықтады», — делінеді ведомствоның хабарламасында.
Оның әрекеттері ҚР ҚК-нің 311 бабының 2 бөлімімен қарастырылған қылмыс жасау ретінде сипатталады. Қазіргі уақытта шекарашы сот санкциясымен қамауда отыр. Қылмыстық іс бойныша тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлады облыстық қаржы полициясынан.