Жарияланды: 440

Жамбыл облысындағы Шу бекетінде 7 вагон шойын жолдан шығып кетті

Жамбыл облысы Шу ауданы Шу бекетінде 5-қазан күні 17 сағат 50 минутта темір жол составын құру барысында 7 вагон , атап айтсақ, 5 жартылай вагон мен 2 цистерна шойын жолдан шығып кетті. Вагондар құламай қалды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Агенттік ақпаратына сәйкес, апаттың залал-задабын теміржолшылардың апаттық бригадасы арылтуда. Бекеттегі отарбалар қозғалысына кедергі келген жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін